Жаңалықтар

Баспасөз қызметінің басшысы тағайындалды

   Кеше Қарағанды облысы әкімінің аппаратына Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі басшысы таныстырылды. Бұл лауазымға бұған дейін «Хабар агенттігі» АҚ-ның Қарағанды облысы бойынша меншікті тілшісі қызметін атқарып келген Әлия Сыздықова тағайындалды.

Әлия Сыздықова 1981 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде «Журналистика» мамандығы бойынша тәлім алған. Сонымен қатар, бұл қызметке келмес бұрын «АРТ» телеарнасының тілшісі, ақпараттық қызметтің басшысы, «7 арна», «Хабар», «24.kz» телеарналарының меншікті тілшісі қызметін атқарды.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button