Басқармада – жаңа басшы
Есенғазы ИМАНҒАЛИЕВ Қарағанды облысы білім басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды. Білім басқармасының жаңа жетекшісін кеше облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиналыс барысында аймақ басшысы Ерлан ҚОШАНОВ таныстырды.
Осыған дейін бұл лауазымда Асхат Аймағамбетов болған еді.
Есенғазы Нұртөлеуұлы Иманғалиев 1984 жылдан бастап, 2001 жылға дейін Балқаш қаласының ОКТУ-де ұстаз, директордың орынбасары, сонан соң, директоры қызметін атқарған.
2001 жылы Қарағанды облысы білім басқармасын басқарды. 2013 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі қызметін атқарған.
Қазіргі қызметіне дейін «Назарбаев Зияткерлік мектеп» басқарушы директоры жұмысын атқарған.
Аппараттық жиналыс барысында аймақ басшысы Ерлан Қошанов Есенғазы Иманғалиевтің білім саласында үлкен тәжірибесі бар екенін атап айтты.
– Мен өзім Есенғазы Нұртөлеуұлын осы лауазымға қайтып оралуға шақырдым. Бұл кісінің орталық мемлекеттік органдарда жинаған жұмыс тәжірибесі біздің облыстағы білім саласына көптеген жаңалықтар мен оң өзгерістер енгізуге септігін тигізеді деп ойлаймын, – деді.
Облыстық білім басқармасының бұрынғы басшысы Асхат Аймағамбетов осы жылдың тамызында Білім және ғылым вице-министрі міндетін атқарушы қызметіне тағайындалған болатын.
Облыс әкімінің
баспасөз қызметі.