Басқарма басшылары ауылға барады
Облыс әкімі Ермағамбет Бөлекпаев басқарма басшыларына ауыл тұрғындарымен кездесуге тапсырма берді. Ауыл тұрғындарының мәселесін көзбен көріп, шешу үшін осындай шешім қабылдаған.
Кездесулер мамыр айынан басталады. Кездесулердің уақыты мен орны туралы ақпарат басқармалардың сайтынан немесе олардың әлеуметтік желілердегі парақшасынан білуге болады.
Сонымен қатар, басқарма басшыларын әлеуметтік желілерде белсенді болуға, және тікелей эфир өткізуге шақырды.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz