АймақБұқар жырау
“Балбырауынды” бебеулетті
Ботақара кентінде Наурыз мерекесін тойлаған күні Бұқар жырау ауданы мектептерінің 100 мұғалімі далада құрылған сахна төрінен Құрманғазының “Балбырауын” күйін бебеулетті.
Мерекеге жиналған жұртшылық жүз өнерпаздың бір мезетте орындаған бұл күйін сүйсіне тыңдап,оларға жаппай қошемет көрсетті.
Ұлттық күй өнерімізді ұлықтап,насихаттау дәстүрі тек осындай мерекелік сәтте ғана емес,аудан бойынша алдағы уақытта да жалғасын табатынын айтады Бұқар жырау аудандық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нұрсұлтан Шәменов.
Ержан ИМАШ,
Бұқар жырау ауданы
Сурет ұйымдастырушылардан