Балқаш

«Балбөбектің» бүлдіршінге тартуы

      Сәкен Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы «Балбөбек» шағын орталығының бүлдіршіндері 2017 жылды ерекше қарсы алды. Шыршаны айнала мәз болған бүлдіршіндердің қуанышында шек болмады. Ертеңгілікті шағын орталықтың ең кішкентай бүлдіршіндері «Айгөлек» екінші кіші тобы «Көжектер» биімен ашты. Олар жас ерекшеліктеріне қарамастан көрермендер көңілінен шыға білді. Ералы Мейрамбек, Мейірлан Төкен, Ұлбике Бейсенбек, Жаннұр Сейтқалиева Аяз атаға жаңа жылдық тақпақтар айтып тамсандырса, Ибрахим Өмірзақ, Бекарыс Рымбек, Айбар Мұхаметолла, Тахир Зарипов және Аслан Жеңіс өлеңдерімен қуантты. «Санта» биін билеген «Балауса» тобы мен «Шырша» биін билеп шыққан «Балапан» ересектер тобы да өнерден құр алақан емес екенін көрсетті. Балалар бірінен соң бірі Аяз атаға жаңа жылдық тақпақтар мен өлеңдер айтып, тәтті сыйлықтарға иелік етті. Бүлдіршіндердің жұлдыздай жарқ етіп шығуына ата-аналардың да үлесі зор болды.

Аяулым ҚЫЗДАРОВА,

С.Сейфуллин атындағы №7мектеп-гимназиясының

«Балбөбек» шағын орталығы «Айгөлек» тобының тәрбиешісі.

БАЛҚАШ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button