Қарағанды

Балауса қаламдар бәйгесі

      Қарағанды қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Мұхтар ӘУЕЗОВТІҢ 120 жылдығына арналған жас прозаиктердің қалалық байқауын өткізді.

Қазақ халқы ұлы тұлғаларының еңбектерін насихаттап, жастарды рухани байлыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеуді мақсат еткен байқауға 15-25 жас аралығындағы көркем әңгіме жазуға талабы бар үміткерлер қатысты.

Әдебиеттанушы ғалымдар Қой­лыбай Асанов пен Жансая Жарылғапов, «Орталық Қазақстан» газеті Бас редакторының Бірінші орынбасары, қарымды қаламгер Ерсін Мұсабеков  қазылық еткен сайыста Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының жетекші маманы Б.Алтынбек бас жүлдені, «Болашақ» академиясының оқытушысы Ж.Кәменова І орынды, Қарағанды көлік-технологиялық колледжінің мұғалімі Ә.Кәрімова мен Қарағанды гуманитарлық колледжінің студенті М.Жайлаубаева ІІ орынды, Қарағанды қаласындағы №10 мектеп оқушысы М.Тұрсынова, Қарағанды гуманитарлық колледжінің студенті А.Әукешова, Ә.Бөкейхан атындағы №76 мектебінің оқушысы С.Қадырова ІІІ орынды иеленді.

Өз тілшімізден.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button