Жаңалықтар

Балалар теміржолы жөнделеді

     Қарағандыда орталық мәдениет және демалыс саябағында балалар теміржолын жөндеуге биыл қалалық бюджеттен 4 млн. теңге бөлінді. Бұл туралы Қарағанды қаласы әкімдігінен хабарлады.

Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібековтің халықпен есеп беру кездесуінде қоғам қайраткері Павел Шумкин билікті қаланың көрікті орындарына баса назар аударуға шақырған болатын.

«Биылғы жылы осы жолға бөлінген қаржы анамыздың туған күніне орамал сатып алуға ғана жетерлік ақша. Бұған байыппен қарау керек», – деп мәлімдеді Қарағанды тұрғыны. – Балалар теміржолы – көңіл көтеретін орын емес. Балалар бұл жерді жақсы көреді. Менімен келіспейтін адам жоқ шығар?! Тарихи нысанның болашағы үшін нақты шешім қабылдау керек».

karaganda-region.gov.kz сайтының редакциясы үстіміздегі жылы балалар теміржолына бюджеттен қанша қаржы бөлінетінін анықтады. Жолдаған сауалға Қарағанды әкімдігінің өкілдері ақпарат ұсынды.

Жалпы, теміржолда ағымдық жөндеу жұмыстарын жүргізуге 4 млн. теңге қарастырылған. Тиісті қаржы мәдениет, демалыс саябақтары және гүлбақтар басқармасына бөлінді.

320 дана шпалды ауыстырып, тепловоздың арбаларын және электрқозғалтқыштарды, тамбурды жөндеу жоспарланған. Сонымен қатар, вагондарды бояу, рельс жолдарына қызмет көрсету жұмыстары қолға алынбақ.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button