Жаңалықтар

Балаларға батамды бердім

      Жастардың жақсы жақтарын ескерместен, көп кінә артып жатамыз. Десек те, ақылды әрі тәрбиелі жастар әлдеқайда көп.

     Жақында Майқұдықтың он екінші мөлтек ауданында тұратын қызымның үйіне соғып, жағдайын біліп қайтайын деп шықтым. Керек-жарақты алам деп базарға бардым. Жер көктайғақ екен. Содан оқыс құлап, қолымды сындырып алдым. Қиналып, өз бетіммен тұра алмай жатқанда, сол жердегі жастар жүгіріп келіп, көтеріп, көмек көрсетті. Дәріханадағы сатушы орыс қызы қолымды орап беріп, №4 ауруханаға жөн сілтеп жіберді. Жүре алмай тұрғанымда жасөспірім бала көмектесіп, ауруханаға апарды. Дәрігер айнаға түсіріп, гипстеп бергенше менің қасымда отырды. Досын шақырып алып, екеуі мені үйге жеткізіп салды.

     Өзім оқырманы саналатын, облыстың айнасы болып отырған «Орталық Қазақстан» газеті арқылы №7 Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының оқушысы Жаннұр және «Дарын» мамандандырылған мектеп-интернатының 9 сынып оқушысы Нұрбек есімді балаларды тәрбиелеп өсірген ата-анаға, ұстаздарға алғыс айтамын. Жаңа өсіп келе жатқан жас ұрпақ осы балалардан үлгі алсын. Балалар арман, мақсаттарына жетсін. Иншалла, қазақы тәртіптен, мәдениеттен, адамдықтан алшақтап қалмаған екенбіз, тәубе!

Қазкен СЫДЫҚҚЫЗЫ,

зейнеткер.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button