ЖаңалықтарҚарағандыРесми

Балаларға 14 млрд. теңгеден астам медициналық көмек көрсетілген

Қазақстанда балаларды тексеру және емдеу – медициналық сақтандыру қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Кішкентай пациенттер 18 жасқа толғанға дейін автоматты түрде сақтандырылған. Осы жылдың 9 айында балаларға 14 млрд. теңгеден астам сомаға медициналық көмек көрсетіліпті. Оның 6,5 млрд теңгесі амбулаториялық деңгейде консультациялық-диагностикалық қызметтерге жұмсалған.

Бұл сомаға бейінді мамандардың консультациялары, талдаулар және емделу төлемақылары кіреді. Яғни, 6 347 бала оңалту орталықтарынан ем алған. Ол үшін орталықтарға 1,3 млрд. теңгеден астам қаражат жіберілген. Ал, амбулаториялық деңгейде консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсету кезінде шығындарды өтеуге 6,5 млрд теңге аударылған. Оның ішінде 1,268 млрд. теңгесі – балаларға тегін стоматологиялық көмек көрсетуге бөлінген. Сондай-ақ, қаңтардан қыркүйекке дейін өңірде 15 млн. теңге балаларға жоғары технологиялық операцияларды жасауға аударылған.

– Егер ата-аналар баласын ақылы қызметтерге жіберу деректеріне тап болса, медициналық ұйым жанындағы пациенттерді қолдау қызметіне немесе әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жүгіну қажет, – дейді медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалының бөлім басшысы Светлана Щеткина. 

Ortalyq.кz

Басқа материалдар

Back to top button