АймақЖаңалықтар
Балқашта өз елінде іздеуде жүрген шетелдік азамат ұсталды
Қарағанды облысының Балқаш қалалық көші-қон полициясы қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы барысында өз елінде аса ірі көлемде алаяқтық жасап, іздеуде жүрген шетелдік қылмыскерді ұстады.

Полицейлер заңсыз иммигрантты уақытша ұстау изоляторына қамады. Қылмыскер жақын арада туған еліне экстрадицияланатын болады.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.