АймақБас тақырыпЖаңалықтар

Балқашта ауыз су бір тәулікке тоқтайды

Балқаш қаласында бір тәулікке  суық су беру тоқтатылады. Балқаш қаласы әкімдігінің мәліметінше бұл Достық-Мойынты теміржол учаскесінде екінші жолдарды салу жұмыстарын жүргізу қажеттілігінен туындап отыр.

Сурет: taunews.kz

– Құрметті Балқаш қаласының тұрғындары! Дүйсенбіден сейсенбіге қараған түні, 21 мамыр сағат 00:00-ден бастап суық су берудің жоспарлы тоқтатылатыны туралы хабарлаймыз. Бұл Достық-Мойынты теміржол учаскесінде екінші жолдарды салу жұмыстарын жүргізу қажеттілігімен байланысты.  Орта-Дересін стансасы учаскесінде 1205 шақырым аумақтағы ПК-5, оның ішінде су құбыры желісінің учаскелерін қайта кесу жұмыстары жүргізіледі, – деп хабарлады Балқаш қаласының әкімдігі.

Балқаштықтарға суық суды жеткілікті мөлшерде жинақтауға кеңес беріледі. Сондай-ақ әкімдік суды кесте бойынша жеткізуді ұйымдастыруға уәде берді. Су беруді қалпына келтірудің күтілетін уақыты 22 мамыр күні сағат 19:00.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button