Жаңалықтар

Балқашта екі балықшы суға батып кетті

Сарышаған кентінің екі тұрғыны Балқаш көлінде балық аулау кезінде суға батып кетті.

Ер адамдар қайықпен балық аулауға шығып, байланысқа шықпай, хабарсыз кеткен. Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, олардың қайықпен айдынға шығып, үйіне оралмағаны туралы хабар 31-наурызда түскен. Арызданушылардың айтуынша, екі ер адам бір күн бұрын кеткен.

Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаменті Приозерск қалалық құтқару бөлімшесінің күштері жіберілді. Іздеу жұмыстарына жергілікті тұрғындар да тартылды. Жағалау аймағы зерттелді. Құтқарушылар суға сүңгу жұмыстарын жүргізді.

Төтенше жағдайлар департаменті жедел-іздестіру тобы жағалаудан 2 шақырымдай жерден 1965 және 1988 жылы туған екі ер адамның мәйітін тапты.

–        Жағадан шамамен екі шақырым жерде ТЖД іздеу тобы екі ер адамның денесін тапты. Өлімнің мән-жайын полиция органдары анықтайды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Дауылды ауа райында және тәуліктің қараңғы уақытында суға шығуға тыйым салынады. Жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін балық аулағанда жағадан алыс кетпеңіздер,-деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Аймақтың құтқарушылары балықшыларға балық аулау алдында қайықтың жағдайын мұқият тексеріп, әр адамға құтқару шеңбері, белбеу немесе көкірекше болуы керектігін де еске салады.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button