Балқаш

Балқашта – Қасым аялдамасы

Қарағанды аймағында әдеби аялдама жақсы үрдіске айналғаны мәлім. Бұқараны әдебиетіміздің тау тұлғаларымен қауыштыруды көздейтін жоба үзіліссіз жалғасып келеді. Бұған дейін Қарағанды қаласында осындай бірнеше аялдама ашылса, енді оның қатарын Балқаш қаласы толықтырды. Дәлірек айтсақ, Балқаш қаласының көшесінде енді Қасым ақынның әдеби аялдамасы бар.

Қазақтың ақиық ақыны Қасым Аманжоловқа арналған әдеби аялдамада оның өмірбаян, шығармашылығы бар. Мұндай бастама ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналыпты. «Отыз жылдыққа – отыз аялдама» акциясына «Сары Қазына» ЖШС «Қоңырат» Корпоративтік Қоры қолдау көрсетіпті.

Әдеби аялдама идеясы – осы қордың қаражаты есебінен іске асырылып отыр.

Аялдама павильонының қабырғаларына Қасым Аманжоловтың өмірбаяны мен өлеңдері жазылған баннерлер ілінген. Онда ақынның туған жері, өмір һәм еңбек жолы қазақ және орыс тілінде берілген.

Басқа материалдар

Back to top button