Фестивальдің мәдени бағдарламасы да жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Қарқаралы баурайындағы думан кешкісін мега-концертке ұласып, сахна төрінде елге танымал өнер иелері мен шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті.

Халықаралық мәдени бағдарлама аясында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Қайрат Баекенов, әнші-композитор Ұшқын Жамалбек өнер көрсетті.

Сондай-ақ, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты Өзгеріс Шерікбай, сондай-ақ, «JOSHY» national qazaq group және «ARKAIYM» тобы көпшілікке әннен шашу шашты.

Ұлттық дәм мен дәстүрді ұлықтаған фестиваль осылайша ән мен күйге, ерекше көңіл күйге ұласты. Мыңдаған көрермен жиналған алаңда өнерпаздар халықтың рухын көтеріп, Қарқаралы аспанын әсем әуенге бөледі. Мега-концерт фестивальдің мерекелік ажарын аша түсіп, қымыз думанының әсерлі қорытындысына айналды.
Мағжан ҚҰДАЙБЕРГЕН
Ortalyq.kz



