«BaiQymyz-2026» фестивалі аясында тазылар жарысы өтеді
«BaiQymyz-2026» фестивалі аясында ұлттық спорт түрлерінен бәйге, көкпар, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату және дәстүрлі садақ ату жарыстары өтеді.

Сонымен қатар облысаралық тазылар жарысына еліміздің әр өңірінен 36 тазы қатысады. Қонақтар үшін қымыз ішу сайысы, жілік сындыру және ұлттық дәстүрлерге негізделген түрлі бағдарламалар ұсынылады.
Қымыз ішу сайысы, жілік сындыру, әдеби-музыкалық қойылымдар және басқа да ұлттық дәстүрлерге негізделген бағдарламалар ұсынылады. Қолөнер шеберлерінің көрмесі мен арнайы шеберлік сабақтары ұйымдастырылады.
Қазақстан Бас аспаздар қауымдастығының резиденті, «Дайдидау» мейрамханасының рестораторы әрі бас аспазы Нариман Иржановтың қатысуымен арнайы гастрономиялық шеберлік сабағы да өтеді. Шеберлік сабағы барысында қазақтың дәстүрлі тағамдары – жерге көміліп пісірілетін «Көмбе» қой еті, қуырдақ, аудармалы піскен қозы сияқты ерекше тағамдар дайындалып, қонақтарға ұсынылады;
Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz



