Бақ жұлдызы жанған ел

      Қазақ елі Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлағалы отыр. Осы уақыт аралығында Қазақстан, тәуелсіз мемлекет ретінде, дүние жүзіндегі барлық елдерге түгелдей дерлік танылды. Ата-баба аманат еткен асыл мұраны жалғастырар ұрпақ өсіп келеді.

Осы орайда Қарағанды қаласының №101 мектеп-лицейінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ұстаздық қызмет атқарып жүріп, өскелең ұрпаққа елін, жерін сүюді бойына сіңдіру парызым деп білемін. Мереке қарсаңында мектебімізде түрлі іс-шаралар өткізілуде.

«Еліңнің ұлы болсаң, Еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып – көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!», – деген Елбасымыздың сөзі әр қазақ баласының намыс отын жағары сөзсіз.

Жас мемлекетіміз қалыптасқан аз уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Бүгінгі Қазақстан – тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіләлемдік мәселені талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел. «Қаз тұрып, қадам басқан тәуелсіздік сәбилік тұсауын өміршең уақытқа кестірген кезден бастап, осынау 25 жылдың бедерінде айшылық жерді алты рет аттаған алып секілді, дәуір жалынын мығым ұстап, тізгінін бекем қаға білді», – деп Елбасымыз айтқандай, Қазақстанды бүгінде барша әлем танып отыр.

Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша арман бар. Сол арманға біздің қазақ халқы жетті.

Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі, халықтың бақ жұлдызы.

Гүлденсін АХМЕТОВА,

101 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.