Балқаш

Бүлдіршіндер де үн қосты

«Балауса» балабақшасында дене шынықтыру нұсқаушысы Айдана ДОСЫМБЕКОВАНЫҢ ұйымдастыруымен «Қысқы Олимпиадалық ойындар» атты спорттық жарыс өтті.

Бүлдіршіндерге Универсиада ойындарының маңыздылығын түсіндіріп, қысқы спорттық ойындарға деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өрбіген игі шара балдырғандарға ерекше әсер сыйлады.

Балалар Универсиада тұмары – «Қыран құс» туралы мәлімет алды. Универсиада алауын тұтатып, ант қабылдады. Сондай-ақ, тәрбиеленушілер «Универсиада алауын жеткіз», «Жылдам шаналар», «Қақпаға шайбаны кіргіз», «Биатлон» сияқты эстафета түрлерінен сынға түсті. Жарыс соңынан қазылар алқасы жас спортшыларды Алғыс хаттармен марапаттап, Универсиада тұмары – «Қыран құс» тәрбиеленушілерге тәттілер таратты.

С.ЫБРАЙХАНОВА,

«Балауса» балабақшасының тәрбиешісі.

БАЛҚАШ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button