БалқашСайлау – 2021

Бұл сайлау бұрынғы сайлаудан өзгерек

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасы бойынша бүгін тұңғыш рет аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдар мен кенттердің және ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлау өтуде. Айтулы науқан «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында халықпен өзара әрекеттестігінің жаңа мәдениетін қалыптастыра отырып, заманауи тәсілдерді енгізетін болады. Бұл туралы Балқаш қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Мейірхан ТӘТИБЕКОВ мәлімдеді.

–Шәкәрім ақынның «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» дегеніндей биыл өткізіліп жатқан ауыл әкімдерінің сайлауы көпшіліктің көңілінен шығып отыр. Бұл жолғы сайлаудың басты артықшылығы – халықтың тікелей сайлау арқылы жұмыс атқаруға қабылеті толық жететін, өңірдің басты мәселелерін жетік білетін азаматтарды таңдау мүмкіндігіне ие болуы. Гүлшат кенті әкіміне үміткер Самат Молдабеков, Расул Қасенхан, Алмас Ахметов, Нұрлан Омарұлы ұсынған байыпты бағдарламаларының ауылдың дамуына ерекше серпін берері сөзсіз. Халық әр үміткердің келешекте атқаратын жұмысын саралап барып, дауысын беруде. Үміткерлер сайлауда жеңіске жету ғана емес, ауылдың дамуына жүйелі жағдай жасау, азаматтардың нақты мәселелерін шешуге күш салатын болады. Сайлау нақуқаны жоғары деңгейде ұйымдастырылып отыр, – дейді Балқаш қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Мейірхан Тәтибеков.

Нұрдос КӘРІМ,

БАЛҚАШ қаласы.

Басқа материалдар

Back to top button