Ресми

Бұйрық күшіне енді

Энергетика министрінің «Бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды белгілеу туралы» бұйрығы күшіне енді. Құжатқа сәйкес, АИ-92 и АИ-93 маркалы сұйық отынның шекті бағасы бір литріне 205 теңгеге дейін. Ал, дизель отынының бір литрі – 295 теңгеге дейін белгіленді.

«Отынның кейбір түрлеріне жаңа бөлшек сауда бағаларын белгілеу мәжбүрлі шара болып табылады және оның көрші елдермен құнының диспаритетін төмендету қажеттілігіне байланысты. Бұл елден мұнай өнімдерінің шығуын азайтуға және ішкі нарықтың өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді»,– деп хабарлады Энергетика министрлігі.

Айта кету керек, Қазақстанда жанар-жағармай бағасы 2021 жылдың күзінен өзгерген жоқ.

Сонымен қатар көктемгі егіс жұмыстары аяқталғанға дейін фермерлер үшін дизель отынының құны өзгермейді. Операторлардың шығыстарын ескере отырып, диқандар үшін республика бойынша орташа баға литріне 204 теңге, бұл нарықтық бағадан 31%-ға төмен.

Өңірлерге көктемгі егіс жұмыс­тарына 419 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 19 мың тоннаға артық. Көктемгі дала жұмыстарына бекітілген көлем басым тәртіппен тиеп-жөнелтілетін болады. Ақпанда 81,1 мың тоннаның 77,1 тоннасы немесе 95%-ы, наурызда –102,2 мың тоннаның 94,2 тоннасы немесе 92,2%-ы тиеп-жөнелтілген.

Бұл ретте дизель отынының бұрын белгіленген сараланған бағасы өзгеріссіз қалады. Атап айтқанда, Қазақстан азаматтары жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде литріне 295 теңге бағасымен тәулігіне 100 литр сатып ала алады.

Жүк, арнайы, мамандандырыл­ған автокөліктер мен автобустар үшін, сондай-ақ, Қазақстан Республикасында көлік құралын тіркеу туралы куәлік ұсынылған кезде тәулігіне бекітілген лимит белгіленген баға бойынша 300 литрді құрайды. Қалған санаттағы адамдар үшін, сондай-ақ, жоғарыда аталған лимиттерді дизель отынын сатып алатындар үшін баға литріне 450 теңге.

Бірақ, жанар-жағармай құю станциялары бағаны шекті деңгейге дейін күрт көтермейді деген пікірде мамандар. Себебі, бұған дейінгі бағамен сатып алынған қордың болуы бағаны біраз ұстап тұруға мүмкіндік бермек.

Салтанат ІЛИЯШ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button