Бүгін Balkhash Tour Fest 2026 фестивалі басталады
Бүгін Қазақстанның інжу-маржаны саналатын Балқаш көлінің жағалауы – Balkhash Tour Fest 2026 фестивалінің қонақтарын қарсы алады.

Бүгін басталатын фестиваль мәдениет, спорт, туризм және инновацияны тоғыстырған ірі алаңға айналмақ. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, Балқашқа еліміздің әр өңірінен мыңдаған турист келеді деп күтілуде.

Қазір Ақшағыл жағажайы аймағында соңғы дайындық жұмыстары аяқталуда. Мамандар сахна құрып, техникалық жабдықтарды орнатып жатыр. Екі күн бойы көл жағалауы музыка мен спорттың, ұлттық дәстүр мен заманауи технологиялардың, демалыс пен ойын-сауықтың орталығына айналады.

Қонақтардың фестиваль алаңына жайлы жетуі үшін арнайы шаралар қарастырылған.

Атап айтқанда, іс-шара күндері қала тұрғындары мен туристерге арналған тегін автобус бағыты қатынап, қатысушылардың фестиваль орнына кедергісіз жетуіне мүмкіндік береді.
Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz



