Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті квартеті – Қарағандыда
1-желтоқсан күні сағат 18.30-да «Шалқыма» концерт залында Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті квартетінің «Шексіз музыка» атты концерті өтеді.

Концерт бағдарламасында № 6 квартет, 18 опус, Людвиг ван Бетховен, № 6 Квартет, 101 опус, Дмитрий Шостакович және Қуат Шілдебаевтің ішекті квартеті өнер көрсетеді.
Квартет құрамында Айдар Тоқталиев (1-ші скрипка), Алексей Лебедев (2-ші скрипка), Бекзат Сайлаубайұлы (альт) және Ернар Мыңтаев (виолончель) бар.
Квартеттің тарихы 1988 жылдан басталады. Ұжым – «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының, «Ерен еңбегі үшін» үкіметтік наградасының иегері.
Көркемдік жетекшісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ернар Мыңтаев 1996 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген. Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті квартет құрамында ол құрылған күннен бастап өнер көрсетіп келеді.
Билеттерді «Шалқыма» к/з кассасынан және ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады.
Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz