«Қазақтілді кәсіби журналистер» қоғамдық бірлестігі құрылды

Ұйым, ең алдымен журналис­тердің кәсіби тұрғыда жан-жақты дамуына, білімін жетілдіруіне және бәсекеге қабілеттілігіне ық­пал етуді көздейді. Еркін алаң­дағы ашық пікір мен сауатты сын айту жаңа бірлестіктің негізгі бағыты болмақ. Бірлестіктің келесі діттегені – қазақ журналистерінің қоғамдық маңызы бар мәселелерді шешудегі еңбектерін, өзге де кәсіби жетістіктерін дәріптеу. Әрі журналистердің қазақ тілінде ақ­парат алу мүмкіндігін кеңейту және олардың жұмыстарын жеңілдету жолдарын қарастыруға талпынады. Мәселен, кейбір мемлекеттік мекемелер әлі күнге дейін қазақ тілінде сауатты ақпарат тарата алмайтыны ешкімге жасырын емес… Бірлестік мемлекеттік мекемелер, ұлттық компаниялар және қаржылық институттармен бірлесіп тақырыптық дәрістер өткізу арқылы журналистердің са­лалық білім деңгейін көтеру­ге, маңызды ақпараттарға қол­жетім­ділігін арттыруға ықпал­да­сады.

Бүгінгі заман талабы – білім, біліктілік, бәсекеге қабілеттілік. Осы талаптардың үдесінен шығу үшін ақылдаса отырып, бір­лесе әрекет етуде қазақ жур­на­листеріне ортақ алаң қажет екені рас. Бірлестіктің мақсаты – қазақ журналистерінің кәсіби деңгейі мен мәртебесін көтеру. Ұйым 70-ке жуық журналистің қолдауына ие болды. Мүшелікке тіркелгендердің дені бұқаралық ақпарат құрал­дарында, ақпарат таратудың өзге де саласында қызмет ететін мамандар.

Құрылтай алқасында әріптес, есімдері елге кеңінен таныс Мөл­дір Бақытқызы, Айнұр Омар, Индира Тұрсынбай, Кенжекей Тоқ­тамұрат, Ақмарал Баязитова, Алдаберген Кемпірбаев, Айжан Ілияс, Әсем Қабылбек, Әлия Әшім, Жанболат Серікбай сынды журналистер бар.

Мирас АСАН

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.