ҚАЗАҚТАР ДА ДОП ОЙНАҒАН
Газетіміздің өткен сандарының бірінде түріктердің доп тепкені жөнінде айтылған еді. Айтарымыз – қазақтар да доп ойнаған.
«Асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар, Бәрінен де қой жайып, қозы өсірген озар» дейді халқымыз. Бұрында кейінгі үш жолын «көтен жеген озар» деуші еді.
Бұған қарап бабаларымыздың әулиелігіне ден қоясың.
Бұл добымыз қай доп? Қазіргі доппен қандай қатынасы бар?
Ешқандай. Доп/топ, дөп/төп/е сөздерінің түбі бір, дөңгелек деген ұғымды береді.
Қазақтар доп теппесе де топ ойнаған. Топ деп сиырдың тобарынан жасалған дөңгелекше келген жүнді айтады. Тобар дегеніміздің өзі сиырдың жүні. Ертеректе балалар арасында ләңгі ойыны деген болды. Шын мәнінде ләңгі кейінде шыққан. Оның алдында топ болған. Топты аяқтың ішімен, сыртымен, өкшесімен, бақайымен ойнаған. Осы топпен ләңгі де ойнай беретін.
Өкініштісі доппен ойнағандар озғындап, топпен ойнағандар тозғындап тұр. Керек десеңіз бүгінде топты ешкім де ойнамайды. Ал, асық ойыны көшке қайтып қосылды. Бүгінде асық бойынша ел біріншілігі өткізіледі.
Төрехан МАЙБАС,
этнограф.