Жаңалықтар

Қазақ-түрікмен мемлекеттік шекарасында режим орнайды

Мәжіліс «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңын қабылдады, деп хабарлайды ortalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Келісімге 2021 жылғы 25 қазан күні Ашхабад қаласында мемлекеттердің Премьер-Министрлерінің орынбасарлары деңгейінде қол қойылған.

Келісімнің басты мақсаты – құқықтық негізді белгілеу және мемлекеттік шекарада Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы қарым-қатынасты реттеу.

Келісімде Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасының режимін белгілеу және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін одан ары нығайту қарастырылады.

– Мемлекеттік шекара режимі шекарада әрекет ететін ережемен келесі тәртіпті құрайды. Бірінші – мемлекеттік шекараны күтіп ұстау. Екінші – мемлекеттік шекара арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүк пен өзге мүлікті өткізу. Үшінші – мемлекеттік шекараның үстінен ұшуларды жүзеге асыру. Төртінші – мемлекеттік шекарада, шекаралық белдеулерде, сондай-ақ шекара суы шегінде шаруашылық және өзге де қызметтерді жүргізу. Бесінші – шекарадағы тосын оқиғаны шешу, – деді заң жобасын таныстырған Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов.

Ерлан Алдажұмановтың атап өтуінше, келісім мерзімсіз саналады және тараптардың бірі өзге тарапты оның қолданысын тоқтату туралы ниетін дипломатиялық арна арқылы жазбаша түрде ақпарат бермегенше қолданыста болады.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button