Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлім Дәуренұлы Байел Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.
Әлім Дәуренұлы Байел 1984 жылы туған. Таяу Шығыс техникалық университетін (Анкара қ., Түркия) бизнес-әкімшілік мамандығы бойынша тәмамдаған. Джордж Вашингтон университетінің (Вашингтон қ., АҚШ) мемлекеттік басқару саласындағы магистратурасын бітірген.Қазақстан Республикасы Президенттік жастар кадр резервінің құрамында.
2012 – 2014 жж. – Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің сарапшысы;
2014 – 2015 жж. – Түркі академиясының халықаралық қатынастар орталығының директоры;
2016 ж. – ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінде халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы;
2016 – 2018 жж. – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы, стратегиялық әзірлеу басқармасының басшысы;
2018 – 2020 жж. – ҚР Түркиядағы Елшілігінің саяси мәселелерге жауапты бірінші хатшысы;
2020 ж. 1 наурыздан бастап – Қазақстан Республикасының Ыстанбұлдағы Бас консулы.