Ресми

Қазақстанның халықаралық резервтері 94 млрд АҚШ долларын құрады

Былтырдың басынан бері Ұлттық қордың активтері 3 млрд долларға өсті. Бұл туралы елдің әлеуметтік-экономикалық мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте Үкімет басшысы Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ortalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

– Қазақстанның халықаралық резервтері 94 млрд АҚШ долларын құрады. Атап айтқанда, былтырдың басынан бері Ұлттық қордың активтері 3 млрд долларға өсіп, 58 млрд долларға жетті, – деді Ә. Смсайылов.

Премьер-Министр халықаралық рейтингтік агенттіктер Қазақстанның инвестициялық рейтингін сенімділік деңгейінде растағанын, ал Standard&Poor’s агенттігі биылғы наурыз айында экономикамызға қатысты өз болжамын жақсартқанын айтты.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан экономикасының өсуі осы жылдың I тоқсанында 4,9%-ды құрады.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button