ЖаңалықтарРесми
Қазақстан ТМД елдері арасында қоныс аударуға ең қолайлы ел атанды
Америкалық Remitly компаниясы жариялаған Immigration Index 2026 рейтингінде Қазақстан ТМД елдері арасында бірінші орынға ие болды. Әлемнің 82 мемлекеті қамтылған тізімде еліміз 53-орыннан көрінді.

Салыстыру үшін:
- Молдова – 56-орын;
- Әзербайжан – 66-орын;
- Армения – 74-орын;
- Өзбекстан – 75-орын.
Ал Ресей, Беларусь, Украина және Қырғызстан рейтингке енбеген.
Зерттеу барысында елдер 34 көрсеткіш бойынша бағаланған. Олардың қатарында қауіпсіздік деңгейі, өмір сүру құны, тұрғын үйдің қолжетімділігі, денсаулық сақтау мен білім беру сапасы, сондай-ақ өмір сүрудің жалпы жайлылығы бар.
Сарапшылар Қазақстанның жоғары қауіпсіздік деңгейі мен өмір сүруге қолайлы жағдайларын ерекше атап өткен.
Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz



