Қазақстан биыл 11 жаңа ұшақ сатып алады

2023 жылы Қазақстанға 11 жаңа ұшақ жеткізіледі. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысов айтты, деп хабарлайды ortalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Сурет: Ашық дереккөз

– Әуе рейстері санын көбейту үшін компаниялармен бірлесіп ұшақтар паркін толықтыру жоспары қабылданды. Былтыр 14 сатып алынса, биыл 11 ұшақ жеткізіледі. Жалпы, 2025 жылдың соңына дейін парке тағы да 42 ұшақ қосылады. Осы орайда ұшақтардың саны 132-ге жетеді, – деді А. Ыдырысов Сенатта еліміздегі әуе көлігі мәселелеріне қатысты жиын барысында.

Оның пайымынша, әуе көлігінің саны көбейген жағдайда тұрақты рейстер артып, билет арзандайтын болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.