Жаңалықтар

«Қазақмыстан» – қамқорлық

     «Қазақмыс» корпорациясы» Ұлы Жеңіс күніне орай, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін құттықтауға 15 млн. теңгеден астам қаржы бөлді.

«Қазақмыс» кәсіпорындарынан зейнеткерлікке шыққан Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен соғыс мүгедектері, майдангерлердің жесір қалған жұбайлары және осы санатқа жатқызылатындар 150 мың теңгеден сыйлық алады. Материалдық көмек тыл еңбеккерлеріне де беріледі.

Сондай-ақ, компания өзінің өндіріс алаңдарында және компания филиалдары бар барлық қалаларда Жеңіс күніне орай мерекелік шаралар ұйымдастырады.

«Бұл – біздің еліміз бен халқымыз үшін өте маңызды мереке. Жас ұрпақ тарихымызда үлкен орын алатын бұл күнді құрметтеп, асқақтататынына сенімім мол», – деді «Қазақмыс» ЖШС Басқарма кеңесінің бас директоры Бақтияр Қрықпышев.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button