АймақБас тақырыпШет

Ауылда бейнебақылау камералары орнатылды

Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылында 25 бейнебақылау камерасы орнатылды. Жабдықтар аудан орталығының негізгі көшелерінде, сондай-ақ елді мекенге кіреберісте және адамдар көп жиналатын жерлерде орналасқан.

Суреттер: облыс әкімдігінің сайтынан

Ақсу-Аюлы әкімі Дархан Смаиловтың айтуынша, қондырылған құрылғылар замануи функциялармен, соның ішінде адамдардың беті мен автомобильдерді дәл тану атқарымымен жабдықталған.

Бейнебақылау камералары адамның жеке басын немесе автокөлікті анықтап қана қоймай, сонымен қатар оператордың аумаққа визуалды тексеру жүргізуі арқылы жасалған құқық бұзушылықты анықтауға мүмкіндік беретін жасанды интеллект жүйесіне ие.Камералардан барлық ақпарат полиция бөліміне келіп түседі, онда қызметкерлер тәулік бойы қоғамдық тәртіпті қадағалайды.

Жаңа бейнебақылау жүйелерінің мүмкіндіктері мен жұмыс алгоритмін жергілікті полиция бөлімі мен аудандық прокуратура басшылығы Дархан Смайыловтың ұйымдастыруымен тексерістен өткізді.

– Мұндай жүйелерді енгізу оқиғаларға жедел ден қоюға, қылмыстың алдын алуға және біздің тұрғындарымызға неғұрлым қауіпсіз жағдай жасауға мүмкіндік береді, – дейді аудан орталығының басшысы. – Сонымен қатар, камералар халықтың құқық қорғау органдарына деген сенімін арттыруға көмектеседі.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button