Руханият

Аудан орталығында аламан айтыс өтті

Бұқар жырау ауданының орталығы Ботақара кентінде аудан әкімдігінің қолдауымен Бұқар жырау Қалқаманұлының 355 жылдығына арналған «Бұқарекең жырлайды» атты республикалық ақындар айтысы өтті.

Айтысты облыстық маслихаттың төрағасы Нұркен Қопжанов құттықтау сөзімен ашып беріп, ақындарға сәттілік тіледі.

Айтысқа Мұхтар Ниязов (Қызылорда), Біржан Байтуов (Шымкент), Талғат Мықи (Орал), Рауан Қайдар (Повладар), Сырым Әуезхан (Алматы), сонымен қатар қарағандылық жас ақындар Доскей Ботпай, Бекарыс Оспанов, Жандос Бақытұлы, Еркеғали Бекболат, Жанарыс Тілеубектер қатысты. Сөз барымтасы – өнер додасына Қойлыбай Асанов, Мақсат Ақанов, Дидар Қами, Асхат Әли, Сәуле Шибаевалар қазылық жасады. Айтыстың

Бас жүлдесі үш дүркін “Алтын домбыра” иегері Мұхтар Ниязовқа, жүлделі І орын Сырым Әуезханға, 

ІІ орын Біржан Байтуов пен Еркеғали Бекболатқа бұйырды.

ІІІ орынды Рауан Қайдар, Доскей Ботпай сынды жас ақындар иеленді.

 

Мәшһүр Жүсіп Көпеев атындағы арнайы жүлдемен Талғат Мықи, Көшен Елеу атындағы жүлдемен Жандос Бақытұлы, Ғабиден Мұстафин атындағы сыйлықпен Жанарыс Тілеубек, Доскей Әлімбаев атындағы жүлдемен Бекарыс Оспан марапатталды. Алты сағатқа созылған аламан айтыс халықтың рухын түлетіп, ерекше сезімге бөледі. 

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button