Ресми
Ауа райының қолайсыздығына байланысты бүгін екінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқиды
Қарағанды қаласының білім бөлімі қатты қарлы боран мен көктайғақ салдарынан екінші ауысымдағы мектеп оқушылары бүгін қашықтықтан оқиды деп мәлімдеді. Қарағанды қаласы мен облыста бүгін қатты боран соғуда.

Боранның салдарынан қала көшелерінде көріну айтарлықтай төмендеді. Көктайғақ та байқалады. Осыған орай, Қарағанды қаласының білім бөлімі оқушыларды онлайн-оқытуға көшіру туралы шешім қабылдады.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.