Ресми

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Этносаралық қатынасқа қатысты кез келген арандатудың жолын кесеміз»

Этносаралық келісім саясатында сөз бен іс бір жерден шығуға тиіс. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

– Ассамблеяның саяси партиялармен және мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынасын күшейту керек. Бұл жұмысты орталықта және аймақтарда жүргізген жөн. Біз ауқымды саяси реформалардың нәтижесінде шынайы пікір алуандығына қол жеткіздік. Әрине, әр саясаткердің өз пікірі болуы орынды. Елімізді дамыту, күнделікті мәселелерді шешу туралы көзқарастар үнемі бірдей бола бермейді. Бұл – түсінікті, – деді Мемдекет басшысы.

Президент алайда ел бірлігін сақтауға келгенде жұдырықтай жұмыла білуіміз керектігін баса айтты.

Этносаралық келісім саясатында сөз бен іс бір жерден шығуға тиіс. Ассамблея саяси партиялармен ақылдасып, кеңесіп отыруы қажет. Сонда бірлігімізді нығайтамыз. Этносаралық қатынасқа қатысты кез келген арандатудың жолын кесеміз, деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button