Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев еңбекқорлықты бала тәрбиесіне енгізуді ұсынды

Еңбекқорлық – Жаңа Қазақстанның басты құндылықтарының бірі болуы керек. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлемде еңбекті бәсекелестік деңгейіне көтерген мемлекеттер бар. Соның арқасында олар сапалы өнімдерімен жер жүзін мойындатып отыр. Бұл халықтар өз ұрпағын жас кезінен тынбай жұмыс істеуге баулиды. Солардың тәжірибесін өзімізге бейімдеп, бала тәрбиесіне енгізу жайын қарастырған жөн», – деді Президент. Мемлекет басшысы «Толық адам» ұғымы туралы да ой толғады. «Халқымыз «Еңбек – ырыстың бұлағы, бақыттың шырағы» деп бекер айтпаған. Жаңа Қазақстанда еңбекқор адам ең сыйлы адам болуға тиіс. Біз өскелең ұрпақты адал еңбекке баулып, жаһандық нарықта бәсекеге қабілетті етіп тәрбиелеуіміз қажет. Маңдай термен тапқан әр тиын – нағыз ардың ісі, Абай айтқан «Толық адамның» еңбегі екенін жастардың санасына тоқуымыз қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Айта кетейік, Президент Ұлытау облысына жұмыс сапары аясында Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысына қатысып жатыр.

Басқа материалдар

Back to top button