Балқаш

Ашық құдықтар бақылауда

Бүгінде Балқаш қаласында құдықтарды түгендеу жөнінде арнайы комиссия құрылып, жұмыс жүргізуде. Тұрғындарға қауіп тудырып отырған ашық құдықтарға қақпақтар орнатылуда.

Коммуналдық сала мамандарының айтуынша, қаламыздағы 13 мыңға жуық кәріз құдығы «Балқаш Су» кәсіпорнының құзырында көрінеді. Биыл шамамен 400-ге жуық қақпақ ауыстырылып, жөндеу жұмыстары атқарылмақ. Әзірге, Бейбітшілік көшесі, №16 үй, Амангелді көшесі, №1 үй, Бөкейханов көшесі, №1 үй, Островский көшесі, №8 үй маңайындағы құдықтардың қақпағын орнату жұмыстарымен арнайы бригадалар айналысуда. Айта кетейік, былтырғы жылы коммуналдық қызмет мамандары қала бойынша 500-ден астам құдықтың қақпағын жаңартқан.

Нұрдос КӘРІМ.

БАЛҚАШ қаласы.

Басқа материалдар

Back to top button