Жаңалықтар

Асхат Оралов Мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Асхат Раздықұлы Оралов Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі лауазымына тағайындалды.

Асхат Раздықұлы 1990 жылы Павлодар облысында дүниеге келген.

Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті мен РФ СІМ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар университетін тәмамдаған.

Әр жылдары Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің әлеуметтік-тәрбие жұмысы департаментінің жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің бас маманы, протокол бөлімінің аға маманы болып жұмыс істеген.

2014-2016 ж.ж. – «Нұр Отан» партиясының «Нұр» филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

2016-2017 ж.ж. – Астана қаласының «Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ басшысының м.а.

2017-2018 ж.ж. – «Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының» ММ басшысы.

2018 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жастар саясаты департаментінің директоры.

2018-2019 ж.ж. – ҚР Қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары.

2019-2020 ж.ж. – Павлодар облысы әкімінің орынбасары.

2020-2021 ж.ж. – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің вице-министрі.

2021 – 2022 ж.ж.– Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары.

2022 – 2023 ж.ж. – AMANAT партиясының атқарушы хатшысы қызметін атқарды.

2023 жылдың 4 қаңтарында Мәдениет және спорт министрі қызметіне тағайындалды.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button