Жаңалықтар

Қаржы пирамидасын құрған қарағандылық ұсталды

Қарағанды облысының тұрғыны қаржы пирамидасын құру және басқару күдігі бойынша тергеліп жатыр.

Тергеу барысында анықталғандай, Қарағанды облысының тұрғыны бұрын қаржы пирамидасы арқылы халықтан ақша жинағаны үшін сотталған, ол жеке тұлғалардан 50%-дан 300%-ға дейінгі мөлшердегі төлемді уәде ете отырып, 1 күннен 3 күнге дейінгі мерзімге 50 мыңнан 300 мың теңгеге дейін көлемінде қаражат тарту арқылы WhatsApp және Telegram мессенджерлерінде чат құрған. Ақша банктік қосымша арқылы аударылған.

Қаржылық мониторинг агенттігі күдікті ұсталып, оған қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлімдеді.

Ол WhatsApp және Telegram арқылы қаржы пирамидасын құрыпты. Жеке тұлғалардан 50 мыңнан 300 мың теңгеге дейін ақша алып, 300 пайызға дейін пайда көруді уәде еткен.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды.

Агенттік азаматтарды қырағы болуға және өз жинақтарын күмәнді қаржы ұйымдарына салмауға шақырады.

– ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі, – делінген хабарламада.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button