Жаңалықтар

Ару қыздар, батыр қыздар

Ливан Республикасы Джуния қаласында өткен Азия чемпионатында нұралық үш жерлесіміз жүлдегер атанды. Боз кілем үстінде əр елден жиналған ең мықты самбо палуандары бақ сынасты. Байрақты бəсекеде намысты қолдан жібермеген ару қыздарымыз ел қоржынын жүлдеге толтырды.

Кілең мықтылар бақ сынасқан чемпионатта 50 кг салмақ дəрежесінде сынға түскен Маргарита Бажаева алтын жүлдені еншіледі. Жас болса да талай шыңды бағындырып үлгерген палуан қызымыз жеңістен кейінгі демалыстан соң Қырғызстанда өтетін Əлем чемпионатына дайындықты бастайтындығын жеткізді. Жігері от болып лаулап тұрған қыздарымыз – 65 кг салмақ дəрежесінде белдескен Ажар Салықова мен 80 кг салмақ дəрежесінде боз кілемге шыққан Əсел Боранбаева күміс жүлдегер атанды. Əрдайым үздік көрсеткішпен қуантып жүретін аруларымыз аздаған үзілістен соң дайындықтарын қайта шыңдай түсетіндіктерін айтады. Жас спортшыларымызды жүлделі жеңістерімен құттықтап, алар асуларың, шығар шыңдарың көп болсын дегіміз келеді.
Б.ЖАКЕШОВА. 

Басқа материалдар

Back to top button