АбайАймақ

Қарттар күніндегі ретро-концерт

Абай аудандық Мәдениет үйінде Халықаралық қарттар күні құрметіне «Жадымдағы әндер» атты ретро-концерт өтті.

   Бұл концерттің бір ерекшелігі, жергілікті өнерпаздар онда қазақ және орыс кинематографтарының  фильмдерінде айтылатын әндерді шырқап,зал толы қариялардың көңілін бір серпілтіп тастады.

Оның шымылдығын «Дидар» үлгілі би ансамблінің сүйемелдеуімен Айсұлу Әділбекова «Тақиялы періште» фильміндегі «Тыңда!» әнімен ашты.Одан кейін Жанна Юрковская,Баянды Төлеутай,Тамара Алексеева,тағы басқалар «Берегите женщин!», «Бандитский Петербург» «Начни сначала»тағы сондай фильмдердің әндерін әуелетті.

   Ән арасында қарияларға  интерактиктивті тақтадағы суреттер арқылы еліміздің қалалары мен сазгерлеріміздің әндерінің атауын тауып,айту ұсынылды. Сондай-ақ Әнуар Адамбаев халық әні «Сәулем-ай», Ерболат Маханбет Ескендір Хасанғалиевтің «Сағындым сені» әнін тамылжыта айтып, көрермендерді риза етті.

Ержан ИМАШ,

Абай қаласы

Суреттер автордан

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button