Бас тақырып

Қарттарға қамқор орталық

«Нұр Отан» партиясы мен Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйытқы болуымен ашылған «Белсенді өмір» орталығы зейнеткерлерге уақыттарын тиімді өткізуге мүмкіндік берумен қатар, олардың заманаға сай бейімделуіне де оңтайлы жағдай туғызуда. Бұл туралы осы орталықтың белсенді мүшесі Бақыт Сәдуақасова айтып берді.

– Қарағандыда «Белсенді өмір» орталығы ашылғанда ерекше қуанғандардың бірі мен болдым. Қырық жылдан астам уақыт ұстаз болып, көпшіліктің ортасында жүрген адамға зейнетке шығып, үйде отырып қалу өте қиын екен. Бұл орталықты ашуға атсалысқан «Нұр Отан» партиясына, облыс және қала әкімдіктеріне айтар алғысым зор. Мұнда жаның қалаған іспен айналысуға толық мүмкіндік бар. Қызығушылық білдірген жандар қолөнер, сурет, дойбы, шахмат, домбыра үйірмелеріне қатыса алады. Күні кеше ғана мемлекеттік қызметкерлер келіп, компьютерлік сауаттылық бойынша шеберлік сағатын өткізді. Қажет құжаттарды алысқа бармай, үйде отырыпақ алуға болатынын білдік. Өз басым киіз басу үйірмесіне қатысып жүрмін. Әжелерімізден қалған өнердің қайта жаңғырып, сұранысқа ие болғаны көңіл қуантады. Бұл орталықтың ашылуы мен тәрізді зейнеткерлерді емханалардан ғана емес, осындай орталықтардан да көруге болатынын байқатты деп ойлаймын.

Нұрлыхан ҚАЛҚАМАНҰЛЫ,
«Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Back to top button