Спорт

Қарағандылық теннисшілер үздіктер қатарында

Алматыда үстел теннисінен ел чемпионаты өтті. Аталмыш турнирде Әлем чемпионатының жолдамасы сарапқа салынды. Турнирде бақ сынаған қарағандылық Алан Құрманғалиев пен Зәуреш Ақашева топ жарып, әлемдік турнирге жолдама иеленді.

Аталмыш турнир аптаға созылды. Әуелі жарыстың алғашқы күнінде спортшылар жеке командалық разрядта бақ сынады. Ал, жарыстң үшінші күнінде финалдық ойындар өтті. Жекелей сында жалпыкомандалық есепте облыс құрамасының командасы топ жарды.

Алан Құрманғалиев үздік атанса, Зәуреш Ақашева – күміс, Арай Ашкеева – қола жүлдеге қол жеткізді.
Жұптық сайыста қос қарағандылық Алан Құрманғалиев пен Владислав Захаров – ІІ орын, Жанерке Қошқымбаева (Қарағанды) мен Анастасия Лаврова (Астана) жұбы – І орын иеленді.

Аралас разряд бойынша І орынды – Владислав Захаров (Қарағанды) пен Анастасия Лаврова (Астана), ІІІ орынды – Алан Құрманғалиев пен Сарвиноз Миркадирова (Алматы) және Денис Жолудев (ШҚО) мен Арай Ашкеева (Қарағанды) иеленді.

Жарыс қорытындысы бойынша Алан Құрманғалиев пен Зәуреш Ақашева 16-25 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өтетін әлем чемпионатында өнер көрсетеді.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button