Қарағандылықтарды аула спортына қатысуға шақырады
Қарағанды қаласы әкімдігінің қолдауымен «Аула футбол лигасы» және «Аула баскетбол лигасы» жобасы қайта басталады. Бұл жобаға кәсіби тұрғыда айналыспайтын жандар команда жинап, маусым айының ортасына дейін өтініш жіберулері шарт. Ал, турнир маусым айының соңында басталады. Кіру жарнасы – талап етімейді.
Баскетболдан жарыс төмендегі жас санаттарында өтеді:
– 18+ ер адамдар (18 және одан жоғары);
– 15 + жас (15-17 жас);
– 12 + жас (12–14 жас);
– қыздар 12+ (12–14 жас).
Бірінші іріктеу кезеңі – 19-25 маусым, екінші кезең – 17-23 шілде, үшінші кезең және финал – 15-19 тамыз аралығында өтеді..
Ал, аула футбол лигасында төрт кезең жарияланды:
– бірінші (2005 ж. т. және одан жоғары) – 19-30 маусым;
– екінші (2006–2008 ж. т.) – 3-15 шілде;
– үшінші (2009–2011 ж. т.) – 24 шілде-5 тамыз;
– төртінші – үш жас тобындағы финал.
Жарысты өткізу мерзімдері әлі де өзгеруі мүмкін. Жарысқа қатысушыларға түрлі сыйлықтар табысталады. Бұдан бөлек, қосымша ақпаратты мына телефон нөмірлері арқылы сұрауға болады: (8-7212) 42-57-85, +7-702-589-52-53, +7-700-997-23-58.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz