Бас тақырып

Қарағандылық спортшы онлайн-турнирде жеңіске жетті

Ақадыр кентінің тұрғыны Асылхан Қожанәсіп  тоғызқұмалақтан халықаралық онлайн-турнирде жеңіске жетті. Арнайы интернет алаңда өткен додаға Қазақстанның қалалары мен өңірлерінен 43 ойыншы, сондай-ақ Моңғолия, Ауғанстан, Түркия және Түркіменстан өкілдері қатысты.


Қарағанды облысынан 21 жастағы Асылхан Қожанәсіп өнер көрсетті. Ол – Еуразия университетінің Ақпараттық технологиялар факультетінің төртінші курс студенті. Тоғызқұмалақты 12 жыл бұрын, мектеп үйірмесінде үйренген.  

– Онлайн режимде мықты қарсыластармен күресу өте қызықты болды. Мен тоғыз адаммен ойнадым. Ақтық сайыста бұрыннан таныс және көптен бері қарсыласып келе жатқан Маңғыстау және Павлодар спортшылармен бақ таластырдым. Әрине, ең үздік болып, беделді турнирде бірінші орын алғаныма қуаныштымын. Біз жақында коронавирусты жеңеміз  және қалыпты жарыстар басталады деп үміттенеміз. Онда эмоциялар, қарым-қатынас және бәсекелестіктің қызықты рухы болады. Бірақ, карантин жағдайында өткен онлайн-біріншілік те машығымызды жоғалтпаудың және өз өзімізді тексерудің жақсы тәсілі, – дейді Асылхан Қожанәсіп.
Жас жігіт өткен жылы Стамбулда өткен турнирде бірінші орын иеленген, бұдан бөлек, республикалық чемпионаттардың бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері атанды.

Басқа материалдар

Back to top button