Бас тақырыпЖаңалықтар

Қазақстанда күн суытып, аяз күшейеді

Қазақстанда алдағы күндері күн суытады. Елімізге суық антициклон келіп, алдымен батыс өңірлерде, кейін басқа аймақтарда ауа температурасы төмендейді. Солтүстік пен шығыс өңірлерде түнгі температура -5…-10 градусқа дейін түседі. Оңтүстікте де күн салқындап, түнде -2…-7 градус аяз күтіледі.

Сурет ЖИ арқылы жасалды

Қарағандыда да ауа райы құбылмалы болады. «Қазгидромет» болжамынша, 22–23 қазанда жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін. 22 қазанда түнде ауа температурасы -2…-4 градус, күндіз +5…+7 градус болады. 23 қазанда түнде -3…-5 градус аяз күтіледі. Күндіз ауа температурасы +2…+4 градусқа дейін төмендейді.

Сонымен қатар, жел күшейіп, 23 қазанда екпіні секундына 23 метрге дейін жетуі ықтимал.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button