Қарағандылық спортшы әлемдік додада топ жарды
Жерлесіміз Бейімбет ҚАНЖАНОВ әлемдік турнирде топ жарып, алтыннан алқа тағынды. Самбо спорт түрінен XVIII мәрте ұйымдастырылып отырған байрақты бәсеке Францияның Шарлетти стадионында өтті.
Жарысқа әлемнің 17 елінен жүзден аса спортшы қатысқан. Жерлесіміз 57 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп,жеңіс тұғырынан көрінді.
Бейімбет Қанжанов – халықаралық санаттағы спорт шебері, ҚР ұлттық құрамасының мүшесі. Ол осыған дейін Азия чемпионы (2011 ж., Ташкент; 2013 ж., Сеул), жастар арасында әлем чемпионы (2011 ж., Рига), Әлем кубогының жеңімпазы (2015 ж., Мәскеу), әлем чемпионы (2015 ж. Касабланка) атақтарын жеңіп алған. Қазіргі таңда полиция аға лейтенанты шенінде Осакаровка ауданының ІІБ бөлімшелік инспектор болып қызмет атқарады.
Мирас СӘУЛЕХАН,
ҚарМУ-дың студенті.