ЖаңалықтарСпорт

Қарағандылық өрт сөндірушілер гір тасын көтеруден ҚР Кубогының күміс жүлдегерлері атанды

13-16 желтоқсан аралығында Астанада гір тасын көтеруден Қазақстан Республикасының Кубогы өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген мықты спортшылардың басын қосқан бәсекеде аймақтың намысын төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Александр Комаров пен Роман Герасименко қорғап, күміс жүлдеге қол жеткізді. Олар төтенше жағдайлар департаментінде қызмет атқара жүріп, кәсіби спортпен айналысады.

Суреттер: ТЖД

– Қиын да тартысты күресте олар жоғары дайындық пен табандылық танытып, жүлделі екінші орынды жеңіп алды. Бұл жетістік спортшылардың жеке жетістігі ғана емес, бүкіл Қарағанды облысы мен азаматтық қорғау қызметінің жеңісі, – деп бөлісті ведомствоның баспасөз қызметі.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button