Қарағандыда «Жолда қабылдау» акциясы өтуде
Қарағандыда полицейлер «Жолда қабылдау» акциясын өткізуде. Бұл күндері қарағандылықтар полицияға көлікті тіркеу, әкімшілік айыппұлдарды төлеу, жол қозғалысы қауіпсіздігін ұйымдастыру, көші-қон заңнамасын сақтау және т.б. сұрақтар қоя алады.
– Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары мен қонақтары! 13-14 қыркүйекте Қарағанды қаласында халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, азаматтардың ішкі істер органдарына сенімін арттыру, азаматтарға консультативтік-құқықтық қолдау көрсету мақсатында жол қозғалысының алдын алуға бағытталған «Жолда қабылдау» республикалық акциясы өтуде, – деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Акция аясында қарағандылықтардың өздерінің өзекті мәселелерін шешу үшін алдын ала жазылусыз полиция басшылығына тікелей хабарласуға, сондай-ақ көлік құралдарын тіркеу, әкімшілік айыппұлдарды төлеу, қайта жабдықтау саласында консультативтік-құқықтық қолдау алуға мүмкіндігі бар. Сонымен қатар шара барысында Instagram әлеуметтік желісі арқылы @karaganda_police.kz, @uap09region парақшаларынан күн сайын сағат 11.00-де полиция қызметкерлерімен тікелей онлайн байланыс ұйымдастырылады.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.