АймақБас тақырып

Қарағанды және Ұлытау облыстарында қылмыстық-атқару жүйесі автопаркі жаңарды

Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде автопаркті жаңарту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Осы бағытта лизинг тетігі арқылы 51 жаңа жеңіл автокөлік сатып алынып, ведомствоға қарасты мекемелер мен пробация қызметтеріне берілді.

Сурет ҚАЖ департаменті

Жаңа техникалар қылмыстық-атқару жүйесі органдарының материалдық-техникалық базасын нығайтып, қызмет тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Әсіресе, қызметкерлердің жедел әрекет етуіне, тапсырмаларды уақытылы әрі сапалы орындауына жағдай жасалып отыр.
Автопарктің жаңартылуы – жүйені заманауи талаптарға бейімдеудің маңызды бөлігі. Бұл өз кезегінде өңірдегі ҚАЖ органдарының жұмыс сапасын арттырып қана қоймай, қоғам алдындағы сенімді нығайтуға да ықпал етеді.
Сондай-ақ бұл бастама қызметкерлердің еңбек жағдайын жақсартып, олардың кәсіби міндеттерін тиімді орындауына қолайлы орта қалыптастырады.
Айта кетейік, Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖ департаменті алдағы уақытта да материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жетілдіру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруды көздеп отыр.

Қасымхан БҮРКІТҰЛЫ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button