Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісіне шабуыл жасаған ер адам сотталды
Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан аудандық соты жедел жәрдем жүргізушісіне күш қолдану арқылы бұзақылық жасаған ер адамға қатысты қылмыстық істі қайта қарады.

Прокурор мен жәбірленушінің өкілі 3 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындауды, 12 160 теңге материалдық залал және 5 000 000 теңге моральдық зиянды өтеуді сұраған.
Қорғаушы тарап бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды сұрады. Азаматтық талап қоюды ішінара қанағаттандыруды сұраған.
Қылмыстық кодекстің 107-бабының 2-бөлігінің санкциясында 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.
– Сот үкімімен Д., ҚК-нің 107-бабының 2-бөлігінің 5) тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды, жасалған қылмыстың қоғамдық қауіптілігін ескере отырып, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады.
Сот үкімімен Д. ҚК-тің 107-бабы 2-бөлігінің 5) тармағында көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды және жасалған қылмыстың жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларын, қоғамдық қауіптілігін ескере отырып, сот оған 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, – делінген үкімде.
Талап қою талаптары ішінара қанағаттандырылды, 2 млн. теңге мөлшерінде моральдық зиянды өтеу сомасы, жәбірленушінің еміне жұмсалған материалдық залал 12 160 теңге мөлшерінде, сондай-ақ өкілдің қызметтеріне ақы төлеу жөніндегі шығыстар 700 мың теңге мөлшерінде өндірілді.
Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz