АймақЖаңалықтар

Қарағандыда жанармай құю бекеті өртенді

Қарағандыда жанар-жағармай құю бекеті өртеніп, соңы жарылысқа ұласа жаздады. Бұл туралы төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.

Сурет: ТЖД

– Жанармай құю станциясының іргелес үй-жайында дөңгелектер, жиһаздар мен құрылыс материалдары өртенді, – деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті.

Өрт сөндірушілер 30 шаршы метр аумақты шарпыған тіліз жауды ауыздықтады. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Back to top button